Мұрат қорғана отырып, шегініп барады. Бұрышқа жетті, аркасы арқанға
тірелді. Сандерестің соққысы бәсеңдер емес. Мұрат зымп беріп,
Сандерестің қолтығының астынан өтіп, лезде артқы бұрышқа жетті.
Сандерес те оқыс бұрыла берген. Осы мезетте Мұрат атылып кеп, жақтан
соқты. Соққы жойқын еді. Сандерестің жағы қаусағандай боп қалды. Жағын
қорғап, сүзе қарай беріп еді, Мұрат оны иектен көтере ұрды. Арқанға
асылып барып ол рингтің сыртына құлап түсті, төбесімен шаншыла
құлады...

Американдықтардың шу ете түскен үнін, бақырып айтқан әдепсіз сөздерін
сартылдаған шапалақ дауысы тұншықтырып жіберді. Мұрнынан аққан қаны
екі езуін бояған Сандерес соғылған қасқырша бұралып, шалқасынан жатыр.
Төніп келіп, судья санап тұр. «Бір, екі, үш... тоғыз...» жұрттың айқайы мен
ұрасы күшейіп кетті:

1.Мұраттың әрекеті қандай болды?

2.Сандрестің Мұраттың соққысынан кейінгі
күйін сиппаттай аласыз ба?

3.Мәтінде сын есімнің қай түрлері кездеседі?​

ruslanlezgi ruslanlezgi    3   15.04.2020 22:01    11

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi