Əмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тəлім алған Əмір Темір 1370 ж. Самарқантта таққа отырып Мəуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия жəне Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі Самарқантта. Өте данышпан жəне ұлы əмірші болған. Өте көп медресе жəне кітапханалар аштырған.
Шағатай мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің əкімі болған əкесі Тарағай – атақты Нақши шейхы Əмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Əмір Күлал Əмір Темірге шəкірттерінен Шəмсəддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. Самарқанттағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы Мир Береке, дəл алдында Əмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Əмір Темірдің жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, əсіресе дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша –Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны айтылады.
Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.
Əмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган – ханның күйеу баласы) атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Əмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра
алғаны айтылады.


Əмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 1336 ж. Кеш ауылында туылған.

nasty286 nasty286    3   21.05.2020 12:58    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi