Әмір полатшы деген кім?
керек​

ДавыдоваЮлия5689 ДавыдоваЮлия5689    2   12.02.2021 02:11    2

Ответы
sankasypper2358 sankasypper2358  14.03.2021 03:18

Әмір Болатшы бес ағайынды еді: үлкені – әмір Тулақ, екіншісі – әмір Болатшы, үшіншісі – әмір Шамсаддин, төртіншісі – әмір Қама­раддин, бесіншісі – әмір Шеих Дәулет. М.Х.Дулатидің жазуы­на қарағанда, әмір Болатшы қайтыс болған соң орнына ұлыс­бегі болып жеті жасар ұлы Хұдай­дад тағайындалады. Әмір Хұдай­д­ат 90 жыл әмірлік еткен, жар­қын жүзді кісі болған екен. Ол Моғолстанның жеті ханын таққа отырғызған. Әмір Қама­рад­дин ұлысбегілік маған мін­дет­тел­гені жөн деп Тоғылық Темір хан­ның алдына барғанымен, хан оған келіспей, Болатшының ұлы Хұдай­датты ұлысбегі етіп бекітеді. Бұған әмір Қамараддин наразы болады, бірақ ештеңе істей алмайды.

Әмір Қамараддин нағыз жау­жүрек, батыл, ешнәрседен қорық­пайтын ірі тұлғалы кісі болған, оның қонышына жеті жасар бала сыйып кетеді деген аңыз бар. Ілияс қожа хан қайтыс болғаннан кейін әмір Қамараддиннің кеудесін кер­ген кек сыртқа шыққан. Қама­рад­дин Моғолстандағы басқару ісін қолына алып, тәртіп орнатады. Сол кезеңдегі хандық билікті мойындамаған, өзі дербес билік жүргізген әмір болды. Ол ешкімге бас имей ержүректілігімен жиырма жылдай билік жүргізген. Оған, бір жағынан, Кеш әмірлері қарсы­лық көрсетеді, екінші жағы­нан Әмір Темір үлкен кедергі болды. Қамараддин Әмір Темірмен өмірінің соңына дейін, ақтық демі біткенше шайқасып өтеді. Әмір Темір Моғолстанға қарсы жа­саған үшінші жорығы кезін­де Қама­раддиннің көзін жою үшін тыңшылар жіберіп, оның Көк­төбе деген жерде отырғанын анық­тайды. Әмір Қамараддин жаудың әскерінен хабардар болып, Аршалы дейтін кісі аяғы жетпес жерге бой тасалайды да, қараңғы түсісімен орын ауыс­тырып кетеді. Әмір Темір Үш Фарман деген мекенде мыңдаған бейбіт адамдарды тонап, әмір Қамараддиннің туған ағасы әмір Шамсаддиннің әйелі Тұман мен қызы Дилшадты тұтқынға алады. Әмір Темір Дилшадқа күштеп үйленеді. «Зафарнамеде» әмір Темірдің Дилшадпен үйлену тойын әдемілеп, келістіре суреттеп, тұтқын қызды бақытқа кенелгендей етіп баяндаған, ал шын мәнінде оған қорлықпен үйленді

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi