Мәнгілік ел мұратым баяндама​

1лолкекчебурек1 1лолкекчебурек1    2   10.09.2020 08:23    2

Ответы
niqwe niqwe  10.09.2020 09:01

Мәңгілік ұғым-түсінігі – барша адамзатқа ортақ қазына. Оның негізінде саналы-санасыз тіршілік иесінің өмірге, қоршаған ортаны игеруге құштарлығы жатыр. Мәңгілікке ұмтылған арман-мақсаттың нышанына, ескерткішіне Египет пирамидаларын, мәңгі қала Рим тәмсілін, суға батпайтын, отқа жанбайтын батырлар жайлы тарихқа дейінгі аңыз-ертегілерді жатқызуға болады. Біздің пайымдауымызша, әлемдік және дәстүрлі діндердің бастау-бұлағында да мәңгілікті бейнелейтін т тұр. Оның есімі – Тәңірі, Құдай, Алла, Бог, т.б. Демек, байырғы түркі қоғамында дүниеге келген қысқа да нұсқа «Мәңгі Ел» ұстанымы, біріншіден, арғы бабаларымыздың адамзат өркениетіне, оның ақыл-ой қазынасына қосқан айрықша интеллектуалдық үлесін айшықтаса, екіншіден, адамдардың әрқайсының һәм баршасының мүддесін, әрекетін, ұрпағының сабақтастығы мен жалғастығын жарасымды үйлестіруге септесетін әмбебап формуласы. Үшіншіден, осынау кемел пайым-тұжырым қазақ жерінен, Ұлы Дала елінен ешқашан табан аударған емес. Ол Қорқыттың ажалдан қашқанынан тартып ақын Ж. Молдағалиевтің: «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген өлең жолдарымен санамызға шегеленген. XVIII ғасырда Әбілқайыр ханның: «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақыр заман келгенше қазақ халқы бұл жерден ешқашан айырылмайды», ХХ ғасырда Ә. Бөкейханның: «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ» дегенінен де мәңгілікке нық сенім еседі.

Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/303/

© e-history.kz

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi