Мінездеме қай жақта жазылған текст внизу ;
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бас маманы
Дулан Қорғанбайұлы Арманбаевқа
Мінездеме
Дулан Қорғанбайұлы Арманбаев 1982 жылы 24 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Нұр-Сұлтан қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, мамандығы – заңгер.
Дулан Қорғанбайұлы 2003 жылғы 15 маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бас маман ретінде қабылданды. Алғашқы күннен бастап, ол берілген тапсырмаларды дер кезінде, тиянақты орындап, өз ісіне жауапкершілігін, ұқыптылығын көрсетті.
Қызмет ету кезеңінде өзін сауатты, тыңғылықты, қатал орындаушы және тәртіпті офицер ретінде көрсетті. Өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.
Сырт келбеті ұқыпты. Дене бітімі дамыған. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан өзімшіл емес, тілтабысқыш. Өмірде қарапайым, моральдық жағынан ұстамды. Отбасылы, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.
Оперативтік жұмыста біліктілік, мақсатқа талпынушылық, тәртіптілік байқатты. Қызметтік міндеттерін сезімталдықпен адал орындайды, табандылық пен бастамашылық байқатады. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді. Алдында тұрған міндеттерді шешуге басшылық және оперативтік құрам күшін шебер бағыттайды. Қол жеткізген нақты нәтижелері үшін мақтау қағазымен марапатталған.
Дулан Қорғанбайұлы Арманбаев келешекте жоғары дәрежелі, білікті офицер болады деген сенім білдіреміз.
Төрағасы
қолы аты-жөні
А.Т. Тоқтамысов
Жазылған уақыты: 01.07.2019ж.