Мінез дос туралы эссэ жазу

Perfekto86 Perfekto86    3   06.11.2020 15:27    3

Ответы
dasssshka1 dasssshka1  06.12.2020 15:35

Мәдениеттің түп төркіні бойымыздағы мінезде жатыр. Адамның мәдениет деңгейін кез келген ортада аңғаруға болады. Мәдениеттің ең биігінде тұру үшін, өзіңді рухани жағынан тәрбиелеу керек. Яғни, бұл - өзін-өзі тану. Адамды мінезі арқылы тануға болады. Себебі мінезі адамның ең жақын досы. Мінезді бірқалыпта ұстау қажет. "Мінез жанның айнасы" демекші, адамның мінезі, оның қандай екенін көрсетіп тұрады.

Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Яғни адамды қылығына қарап мінезін анықтауға болады. Әр адамның мінезі әртүрлі болатынын барлығымыз жақсы білеміз. Себебі бес саусақ бірдей емес. Дегенмен де жаман мінезден барлығымыз аулақ болуымыз керек. Мінез біздің досымыз болғандықтан оны әрдайым түзеп отыру қажет.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi