М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер
1. Сәрсенбай не себепті Жамалды Жұманға тұрмысқа берді?
2. Жамал Жұманды неліктен ұнатпады?
3. Жамал мен Ғали қайда кездесті? Жамал мен Ғали арасындағы
сезім қандай сөздермен берілген?
4. Шолпан не себепті Сәрсенбайға ренжіді?
5. Ғали мен Жамал кімнен көмек сұрады? Неліктен?
6. Жамал Жұманның үйінен неге қашып кетті?
7. Жамалдың ажалы неден болды?

vladholyngha vladholyngha    2   05.03.2021 16:08    17

Ответы
Шишка33333333333333 Шишка33333333333333  04.04.2021 16:08

1.Сәрсенбай билікке таласып,ішкі есеппен Байжан байдың таз баласына Жұманға Жамалды береді.

2.Жамал ауылда оқып,көзі ашық,

еркін жүріп қалған ақылына көркі сай қыз,таз әрі ақылсыз Жұманды өзіне тең көрмеді.

3.Жамал мен Ғали ауылдағы бір тойда кездесіп,айтысып танысады.Ғали:

Жақсы қыз баға жетпес бір гауһар тас,

Он алты он жетіге жеткенде жас.

Жанаттың пісіп тұрған алмасындай,

Қол жетсе қандай жігіт ләззәт алмас-деп сезімін білдірген.Екеуі бір-бірін ұнатып қалады.

4.Жамалдың анасы Шолпан күйеуі Сәрсенбайға ренжіді.Жалғыз қызын билік үшін таз Жұманға бергеніне.

5.Ғали мен Жұманға достары Жүніс пен Нұржан көмектесіп екеуі қашып кетеді.Себебі екеуін ешкім қо еді.Жамал атастырылып қойғандықтан.

6.Нағашыларын сағалаған Ғали ауырып қайтыс болады.Жамал амалсыздан Жұманның үйіне келеді.Жұманның озбырлығына шыдамаған Жамал қысты күні үйінен қашып шығады.

7.Қыстыкүні аязда адасып кетіп,үсіп өледі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi