Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджаб, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған. Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалалардың бірі болған. Ескерткіштердің түгелдей жойылғанына қарамастан көп жылғы археологиялық жұмыстардың нәтижесінде көне және орта ғасырдағы Тараз өмірінің әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын елеулі материалдар жинақталған.
Түркістан қаласының іргетасы V-VІ ғасырларда қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдығында қаланған. Археологтар қаланың тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасынан табылған тас дәуірі ескерткіштері (Шоқтас, Қошқорған) бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді.

1. Мәтінге қандай тақырып қоюға болады? [1]

2. Мәтіндегі негізгі ойды табыңыз? (өз сөзіңізбен)
[1]

3. «Тараз базары – әлем айнасы» деп не үшін аталған? (өз сөзіңізбен)
[1]

4. Мәтіннен берілген сөздің синонимін табыңыз.

Ежелгі - [1]
СОР ЗА 2 четверть

regional368 regional368    2   02.12.2020 12:51    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi