Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен
Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі
ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында
орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі
болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс
пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас
орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб ), Түркістан
(Яссы), Суяб, Баласағұн секілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет
және ғылым орталықтары болды.
Тапсырма : Мәтін арқылы диалог құрастырып жазыңдар \используя текст
составьте диалог.