Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы. Ұлы Жібек жолының кей тармақтары сол кезде-ақ іске қосылған. Негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр елге таралған. Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында «дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды. пересказ