Ұлы Жібек жолы десе көз алдыңа күн астында күйіп тұрған алып шөл далалар, аяғы көрінбейтін қымбат жүктері бар керуендер, мыңдаған шақырым жол жүріп өткен саудагерлер, алдындағы мақсатына жету үшін шөл даладан да өтуге дайын көпестер елестейді. Жол барысында жаңа қалалар пайда болып, ескілерінің тас талқаны шықты. Ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен.
Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндік септігін тигізген. Талай тарихи орындардың әлемге танылуына әсер болған, теңдесі жоқ сауда маршруты.
Оны сауда жолы ғана емес, екі алпауыт цивилизация арасындағы мәдени экономикалық көпір деп айтуға толық негіз бар. Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алады.
Жібек жолы бойында тұрған Отырар, Тараз, Сайрам, Түскістан, Суяб, Баласағұн және тағы да басқа қалалар өркендеп сауда орталығы ғана емес, сонымен қатар мәдени және ғылым ошақтарына айналды.

1. Сауда жолының ұзындығы қанша шақырымды құрайды?
2. Керуеннің бағыты еліміздің қай аумағы арқылы өткен?
3. Осы арқылы қандай қалалар пайда болды?
4. Қандай маршрутты дамытты?
3-тапсырма. «Сен білесің бе?». Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді пайдаланып, жай сөйлем құрастырыңыз.
Сөздер: саудагерлер, жол, сауда
Үлгі: Саудагерлер тауарларын айырбастаған.
ОТВЕТИТЬ НА ВОПРОСЫ

Артур13487в158168 Артур13487в158168    1   12.02.2021 11:50    5

Ответы
Jezzyfeed1 Jezzyfeed1  12.02.2021 12:00
12мыңҚазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен.Шығыс пен Батысты байланыстырып қалалар пайда болды Сауда3 тапсырма Саудагерлер саудамен айналысадыОлар көп жолда жүредіСауда арқылы ақща тапты
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi