Ұлы отан соғысының батырлары" тақырыбы бойынша диалог құрыңдар

lavbi3 lavbi3    2   25.09.2019 01:20    7

Ответы
cneze cneze  16.08.2020 21:51

«Ұлы Отан соғысының батырлары» тақырыбына диалог құрастыру.

Мұрагер: Қазақ әдебиетінен үй тапсырмасына берілген «Ұлы Отан соғысының батырлары» тақырыбына баяндама дайындадың ба?

Мұхаммед: Ия, әрине, дайындадым. Ал сен ше?

Мұрагер: Мен де дайындадым. Сен кім туралы деректер таптың?

Мұхаммед: Мен екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов туралы баяндама дайындадым.

Мұрагер: Мәссаған! Мен де Талғат Бигелдинов атамыз туралы ақпарат таптым.

Мұхаммед: Ендеше бір – бірімізді тексеріп көрейік!

Мұрагер: Жақсы, тексерсек, тексерейік.

Мұхаммед: Талғат Бигелдинов 1938 жылы қайда және қандай оқу орнына түседі?

Мұрагер: Фрунзе қаласында орналасқан аэроклубқа оқуға түседі.

Мұхаммед: Дұрыс. Ал Балаш әскери авиациялық мектебіне оқуға қай жылы аттанады?

Мұрагер: 1938 жылы. Енді мен сұрап көрейін. Қай уақыттан бастап соғыса бастайды және қандай ұшақпен әскери тапсырмаларды орындайды?

Мұхаммед: 1943 жылдың қаңтар айынан соғыса бастайды. «Ил-2» штурмовигімен әскери мақсатпен 305 ұшу жасайды.

Мұрагер: Бәрекелді, өте жақсы жауап. Қандай ерлігі үшін екінші мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алды?

Мұхаммед: Бұл сұрақтың жауабын ұзақ жаттап, есте сақтауға тырыстым. Ол эскадрильяны шебер басқару мен Краков, Оппельн, Катовице, Бреслау, Берлин қалалары үшін шайқастардағы көрсетілген әскери ерлігі үшін өз атағын алды.

Мұрагер: Жарайсың, достым! Дайындығымыз жақсы сияқты?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi