Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 72 жыл болды. Отанын қорғаған жауынгерлердің батырлығы мәңгі есімізде қалмақ. Жауға қарсы шайқас алыстағы ауыл мен кең-байтақ далада да жүріп жатты. Соғыс жылдары қазақ халқы Отанына, жері- не деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Бес жүзден аса жерлесіміз қатысып, 97 жауынгер қазақ «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Олар: Талғат Бигелдинов, Сер- гей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және көптеген батырлар. Со- нымен қатар қазақстандық 310, 314 атқыштар дивизияларының жауынгерлері де ерлікпен шайқасты. Бейсекбаев Бақтыораз – әуе атқышы, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры. Ол 1941 жылы 26 маусымда отқа оранған ұшақты жау танкілері мен қару-жарақ қоймасына бағыттап, ерліктің жарқын үлгісін көрсетті. 18 жастағы Жәнібек Елеусізов «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған ең жас қазақ жа- уынгері. 1945 жылы Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев 1999 жылы «Халық Қаһарманы» атағын алды. Жанқиярлық шайқастарда аталарымыз бен әкелеріміз ерлік жасап, Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктерін көрсетті. Бұл — Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі