Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанға, атамекенге деген сағыныш, ерлік, батырлыққа арналған өлеңдер басылым беттерінде жиі жарық көріп жүрді. Баубек Бұлқышевтың 1942 жылы «Комсомольская правда» газетінің 1 май күнгі номерінде «Өмір мен өлім туралы» деген әңгімесі жарияланды. Әңгімеде қазақ жасының . жүрек сыры, жан күйі тербелді. Отанға деген ыстық махаббаты құйылды, ал «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын «Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілер біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, қуана да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болды» - деп аяқтаған еді.           Мәриям Хакімжанова өзінің сүйікті кейіпкері Мәншүк жайында, оның ерлік көрсеткен «Мәншүк» поэмасы 1945 ж. жазылған. Соғыс тақырыбына Мүсірепов «Қазақ батырын (қазіргі—«Қазақ солдаты») жазса, Ұлы Отан соғысының ерлік істерінен бір топ поэма туып жатты. Қасым Аманжоловтың «Абдолласы», Диқан Әбіловтің «Майданбек» поэмасы, Мәриям Хакімжанованың «Мәншүк» деген поэмасы; Қапан Сатыбалдиннің «Әлия» деген поэмасы; Ілияс Есенберлиннің «Айша», «Сұлтан» деген поэмасы; Нұрлыбек Баймұратовтың «Ер Төлеген» деген поэмасын мысал етіп атауға болады.
         Отан соғысы оқиғаларының қазақ әдебиетінде үлкен эпикалық көлемде көрініс табуына, негізінде, майдангер жазушылардың сіңірген еңбегі зор. Сол саптағы қаламгерлердің басында Бауыржан Момышұлы тұрды. Бауыржан Момышұлы – Ұлы Отан соғысының басынан кіріп, аяғынан шыққан, ерлігі елдің есінен кетпейтін талантты да қаһарман қолбасы. Ол жауынгерлерімен бірге соғыста шынықты, соғыста шыңдалды, соғыста өсті.
        Ал соғыс жағдайындағы адам тағдырын үлкен эпос жанры заңдылықтарына сай суреттеген Ғ.Мүсіреповтің Қазақ солдаты Т.Ахтановтың Қаһарлы күндер Ә.Нұрпейісовтің «Курляндия» Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» секілді романдары  ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің үлкен жетістіктері. Олар әлем әдебиетінде соғыс тақырыбына жазылған шығармалардың қандайынан да кем түспейді  Лирикада С.Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан солдаттар» «Құлын» «Түбірлер» және басқа шығармаларымен, поэмада Қ.Аманжоловтың Ақын өлімі туралы аңызымен тең түсетін көркем әдебиет үлгісін бүкіл әлем поэзиясынан таба алмайсыз.

Осы мәтін жайлы проблемалық сұрақ құрастыру керек​

sereser244 sereser244    3   05.05.2021 22:43    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi