Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне алғыс айтып хат жаз. Хатта мақал-мәтел,тұрақты тіркестер қолдан. Дескриптор:

хат құрылымын сақтайды

мақал-мәтел қолданады

тұрақты тіркестер қолданады

тақырыпқа сай жазады​

Oleg009988 Oleg009988    3   22.04.2021 16:09    0

Ответы
ggg2223333 ggg2223333  22.04.2021 16:10

Сәлеметсіз бе, Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері. Сұрапыл соғыстың аяқталғанына 9 мамыр күні 70 жыл толады. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдында жасаған ерлігіңізді, батылдығыңызды ақ жүректен жарылып шыққан шынайы, таза, ақжарқын алғыс сөздермен қалай жеткізсем деп ойлаймын.

Қанша алғыс айтсақ та, көп болмас еді. Біз әрқашанда сіздің ерлік, батырлығыңызды, неміс фашистерімен бетпе-бет келіп, тайсалмай шайқасқан күндеріңізді мақтан етеміз. Ол күндерді жадымызда сақтап, сізге бас иеміз. Осындай бейбіт өмір, тыныштық, молшылық, бізге сыйлаған бақытты балалық шақ, тек қана сіз және майдандастарыңыздың арқасында келген жеңіс. «Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс!» - деп, ашық аспан астында қуанышымды айқайлап айтқым келеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, Нүркен Әбдіров.

Павлодарлық жерлестеріміз: Қанаш Камзин, Садықов Темірболат, Кепешев Мүбарәк, Сексенбаев Тәуекел, Құсайын Бүркітбаев т.б жеңіс күніне жеткізген аға, апа, аталарымызға басымызды иіп тағзым етеміз, мәңгілік от алауына гүл шоғырларын қоямыз. Ұрпақтың парызы – бұл күнді есте сақтау. Сіздердің арқалаларыңызда бейбітшілікте, Тәуелсіздікте бақытты өмір сүріп жатырмыз. Елімізде мәңгі бейбітшілік болсын, Елбасы жасасын, Еліміз жасасын!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi