Ұлы нәубет эссе Қазақстан тарихтан

Кокс383939484 Кокс383939484    2   04.12.2020 14:11    0

Ответы
27Alisa371 27Alisa371  03.01.2021 14:24

Алаш баласының сабақ алатын, сабақ болғанда да ащы са­бақ болатын тұстары аз емес, – д­ейді тарих ғылымдарының док­­­торы Қадіржан Әбуев, – оның барлығы өткен тарихымыз­да тұнып тұр. Біз кешегі Ке­ңес заманында еріксіз тілімізді тіс­теп, бұл тақырыпты ашып айта алмай келдік. Сондықтан көп­те­ген жастар бейхабар болып өсті. Рас, саяси қуғын-сүргінді көрген көне­к­өз қариялардың сыбы­рлап айт­қан сырынан сыр ұққан­дар да аз емес. Қазақтың басына төн­ген қасірет «жығылғанға жұ­дырық» дегендей бірнеше рет қай­­таланып келіп отырды. Нәу­бет­тің алғашқы жан түршіктірер зобалаңы 1921-1922 жылдары орын алғанын білеміз. Ал 1930-1931 жылдары кейбір деректерге қара­ғанда бір миллионнан астам адам алапат аштықтан қырылған. Бұл жайлы тарихи деректерді Омбының, Санкт-Петербургтің м­ұ­ра­ғат­тарынан кездестіруге бо­ла­ды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi