Ұлы географиялық ашылуларға қатысты мәліметтерді көрсет. Дұрыс жауап саны: 2
Бұл кезең «ақтаңдақтарды» толықтырумен, яғни бұрын зерттелмеген жаңа жерлерді ашумен байланысты.
Римдік ғалым Страбон географияны Жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған.
Америго Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, Жаңа дүние екенін дәлелдеді.
Ең алғаш Африканы айналып шығып, Үнді мұхитына жол тапқан португалдық теңізші Бартоломеу Диаш болды.
1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашылулардың негізін қалады.
Афанасий Никитин Парсы жерін басып өтіп, Арабия теңізі арқылы Үндістанға саяхат жасаған соң, «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты еңбек жазып қалдырған.