Ұлы дала өркениеті .
Ежелгі Қазақстан мәдениеті немесе ұлы дала өркениеті- Еуразия өркениетінің басы, жалпыадамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі. Бүгінгі Қазақ жерінде 45000 өзен, 85000 көл бар. Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары да осы далада орналасқан. Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ жері- әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен- сулы, нулы өлке. Осы Ұлы далада өркениеттің орнауына себеп болған бір неше фактор бар:
Біріншіден, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол – Еуропа мен Азияның қақпасы болды.
Екіншіден, Дала өркениеті біздің жыл санауымыздан мың жыл бұрын пайда болды. 7000 км. жер қамтылды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 4 мыңыншы жылдың соңында түркі жұрты ең жұйрік аң- жылқыны қолға үйретті.
Үшіншіден, Ұлы дала Амудария мен Сыр арқылы Қытай – парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты.
Төртіншіден, Дала баласы табиғи ортамен толық гормонияда өмір сүрді. Оған шығармашылық эволюция тән болды.
Бесіншіден, Ұлы дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» - сауда жолы ғана емес, мәдениеттердің тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның бойында 300 -ге жуық қала мен елді мекен болды. Яғни сахарада көшпенді дала мен қала өркениеті қатар дамыды.
Ұлы дала өркениеті туралы өз пікіріңді жаз . (2 сөйлем)