Лучши ответ қылам Сұрақтарға жауап жазыңдар.
1.Бердібек Соқпақбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2.Кімдерге арнап хикаяттар жазған?
3.Хикаят дегеніміз не? Басқа жанрлардан қандай ерекшелігі бар?
4.Ахмет Байтұрсынұлы хикаятты қалай атаған?
5.Бердібек Соқпақбаевтың қандай шығармалары бар?
6.Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесін қай жылы жазды? Повесть қандай шет тілдеріне аударылды?​

abrikosikhii abrikosikhii    1   28.01.2021 06:29    50

Ответы
Pyfytz Pyfytz  28.01.2021 06:30

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы.[1]

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев

Албан тайпасы Құрман руының Беснайза тармағынан шыққан.[2]

Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949).

Нарынқол ауданында мұғалім болды.

"Жұлдыз" журналында жұмыс істеген.

"Балдырған" журналында қызмет атқарады.

Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70).

Шығармалары Өңдеу

"Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы

"Он алты жасар чемпион" (1951)

"Бақыт жолы" (1952)

"Алыстағы ауылда" (1953)

"Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965).

"Дала жұлдызы" (1960)

"Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)

"Гауһар" (1966) повестерін жазды.

"Менің атым Қожа повесті" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.

"Бозтөбеде бір қыз бар" (1958)

"Әпенденің айласы" (1960)

"Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды.

Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969)[3]

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi