Ұлттық саябақ Кербұлақ ауданының аумағында 1996 жылы ұйымдастырылған.Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Ауданы – 460 мың гектар. Оның құрамына Жетісу Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – Айғайқұм енеді. Үш ландшафтты – таулы-далалық, құмды-шөлді және қиыршық тасты белдеулерден тұрады. Саябақ аумағы туристерді ерекше қызықтыратын археологиялық ескерткіштерге, ежелгі таңбалар мен суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Ш.Уәлихановтың мемориалдық кешені осында орналасқан.