«Ұлттық мерекелер – тәрбие мектебі» деген тақырыпта шығын мәтін құрастырыңыз.​

alexanrrr alexanrrr    1   06.01.2021 11:46    75

Ответы
plesovskih plesovskih  06.01.2021 11:50

ответ:Ұлттық мерекелер - тәрбие мектебі.

Бұл пікірмен мен толықтай келісемін. Себебі ұлттық мерекелер ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық құндылықтарамыз бен салт - дәстүрімізді насихаттайды. Ұлттық мерекелер кезінде өткізілетін ұлттық ойындар мен сайыстар жас ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеуге көмектеседі.

"Ұлттық мерекелер - тұнып тұрған қазақилық пен тәрбие мектебі" деуші едім. Осындай ұлттық мерекелерді тойлау кезінде халық ауыл болып жиналып, бастары бірігіп, той тойлайды.

Халқымыз үшін аса айтулы ұлттық мерекелердің бірі - Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы. Еліміз үшін Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды. Адамдар ұлтқа бөлінбей, барлығы бірін - бірі мерекемен, жаңа жыл басмыен құттықтап жатады. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.

Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.

Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады. Қарап тұрсаңыз, бір мерекенің өзін ғана алар болсақ, қандай тәлім - тәрбие, салт - дәстүрді қадірлеу, жас ұрпақ тәрбиесін ұлттық тәліммен ұштастыра білу, осының бәрі - ұлттық мерекелер жайында айтылған.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi