Әлия 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда
ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинградта №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-
Петербургтегі 9-орта мектепте оқыды. Оқудағы озат оқығаны және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы
Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберіледі.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Біраз уақытқа дейін алғы
шептегі атыс алаңында білімін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға
қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды
қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.
1943 жылы Снайперлер дайындайтын әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-арнайы
атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін
жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. 19
жасар Әлияны майдандас жолдастары "Шығыс жұлдызы" деп атаған екен.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы беріліп,
Ленин орденімен марапатталды.
Қаһарман қыз Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген. Ақтөбеде облыстық
мемориалды музей жұмыс істейді.

2-тапсырма. Тест тапсырмаларын орында.
1. «Ақиқат пен аңыз» романының бас кейіпкері кім екенін тап.
а) Әзілхан Нұршайықов
ә) Әлия Молдағұлова
б) Сарқұлов Нұрмұхаммед
в) Мәншүк Мәметова
г) Бауыржан Момышұлы
2. Биыл ұлы жеңіске неше жыл болатынын көрсет.
а) 75 ә) 76 б) 74 в) 150 г) 45
3. Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған батырды белгіле.
а) Рақымжан Қошқарбаев
ә) Бауыржан Момышұлы
б) Әлия Молдағұлова
в) Талғат Бигелдинов
г) Бақтыораз Бейсекбаев
4. Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін тап.
а) Ұшақты жаудың қару-жарақ қоймасына қарсы бағыттады.
ә) Соғыс ардагерлерінің өміріне шығарма жазды.
б) Рейхстагқа ту тікті.
в) Өлсе де өтірік айтпайтын өр мінезді
г) 300-ден астам әуе шайқасына қатысты
5. Бауыржан Момышұлының жазған шығармасын көрсет.
а) «Ақиқат пен аңыз»
ә) «Артымызда Москва»
б) «Бауыржан»
в) «Махаббат қызық мол жылдар»
г) «Адам тағдыры»

6. Берілген сөйлемге тиісті септеулікті қойып жаз. Ауыл мектебін бітіргеннен ... Алматыдағы Тау-кен
институтының жұмысшы факультетіне түседі.
а) соң ә) дейін б) үшін в) бірге г) бұрын
7. Берілген сөйлемге тиісті көмекші есімді қойып жаз. Хиуаз Доспанова ұшқыштық өмір жолын соғыстың
... Оралдың аэроклубынан бастайды.
а) соңында
ә) ішінде
б) алдында
в) түбінде
г) жанында
8. Берілген сөйлемге тиісті оқшау сөзді қойып жаз. ..., Бауыржан өлсе де, өтірік айтпайтын, жамандық
ойламайтын ақ жүректі кісі болған.
а) мәссаған
ә) әттең
б) пұшайт-пұшайт
в) қап
г) шынында
9. Берілген өлең жолдарынан теңеуді анықта. Ақынның ақ сұңқардай жүрегі бар, Алқындым бір көруге болып
құмар.
а) ақсұңқардай
ә) құмар болып
б) жүрегі бар
в) бір көруге
г) ақынның
10. Берілген сөйлемге тиісті тыныс белгісін қойып жаз. Неге мұңайып тұрсыз шешей дейді ойында ештеңе
жоқ Бауыржан.
а) тырнақша, үтір, леп белгісі, сызықша
ә) үтір, сұрақ белгісі, дефис, нүкте
б) дефис, көп нүкте, сұрақ белгісі, нүкте
в) қос нүкте, тырнақша, сұрақ белгісі, сызықша
г) сызықша, үтір, сұрақ белгісі, сызықша

bobbobbobgy1 bobbobbobgy1    2   21.05.2021 11:06    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi