ЛЕКСИКО-ГРАМАТИКАЛЫҚ БӨЛІМ. 1.Синонимдік жұпты анықтаңыз.

A) Күшті – қорқақ.

B) Сый – сыйлау.

C) Әсем – көркем.

D) Ұзын – қысқа.

E) Жасыл – қара.

2.Еңбек туралы мақал-мәтелді белгілеңіз.

A) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

B) Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім.

C) Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.

D) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

E) Ғылым – теңіз, білім – қайық.

3.Үш буынды сөзді белгілеңіз.

A) орамжапырақ

B) арзан

C) мемлекеттік

D) қала

E) қозғалыс

4.Сөздері үнді дауыссыздан басталған сөйлемді табыңыз.

A) Ағам жоғарғы оқу орнында оқиды.

B) Елімізде ақылды балалар көп.

C) Мен нағыз маман Ләззатқа ризамын.

D) Вокзалға қандай автобуспен баруға болады?

E) Сыныпқа жаңа оқушы келді.

5.Негізгі түбірді анықтаңыз.

A) Атамекен.

B) Ата-ана.

C) Дос.

D) Ағалық.

E) Мұражай.

6.Негізгі зат есімді табыңыз.

A) Білімді.

B) Білекті.

C) Білгіш.

D) Сүзгіш.

E) Салмақ.

7.Құрамында бұйрық райлы етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Әдептілік – әр адамның бет-бейнесі.

B) Адамды іс-әрекетіне қарап бағалау керек.

C) Арыңды жасыңнан сақта.

D) Жылтырағанның бәрі алтын емес.

E) Сенің адал өмір сүруің – ата-анаң үшін айтып жеткізгісіз зор бақыт.

8.Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.

A) Менің.

B) Кім.

C) Өзінің.

D) Барлығы.

E) Анау.

9.Хабарлы сөйлемді табыңыз.

A) Мерекеңізбен құттықтаймын

B) Раушан гүлдің бағасы қанша

C) Сәуле төмен қарады

D) Үйді жайлы ететін не

E) Сен не сыйлайсың

10.Көп нүктенің орнына мақалдың тиісті сөзін белгілеңіз.

Жақсымен жолдас болсаң, ... бітер, жаманмен жолдас болсаң, басың кетер.

A) ісім

B) ісіміз

C) ісіңіз

D) ісі

E) ісің

Оқылым № 1

Тоңған торғай

Мұқаш құстарды жақсы көреді. Аспанда ұзақ қалықтап қанатын қақпай демалатын қырандарға деген ықыласы өте ерекше. Барлық құстардан қорықпайтын қыранның батылдығын, батырлығын әңгіме ғып өзінің інісі Қожанға айтып отырады.

Алматыны ақ қар басты. Қара қарға, суық торғайлардан басқа құстар жылы жаққа ұшып кеткелі де біраз болды. Кешке мектебінен қайтып келе жатқан Мұқаштың алдын бір суық торғай кескестей берді. Мұқаш ұмтылып ұстайын деп еді, әлгі торғай отырған жерінен қозғалмады. Мұқаш торғайды ұстаған бойы қойнына тықты. Әбден мұздаған болуы керек, Мұқаштың дүрсілдеп соққан жүрегін тыңдап отыра берді тоңған торғай.

Мұқаш үйге қуанып кірді. «Ата, апа, мен торғай ұстап әкелдім» деп қойнындағы торғайын үйдегілерге көрсетіп шықты. Бүріскен торғай көзін ашты. Әбден әлі біткен болуы керек, қорқуды, қашуды ойына да алмады. Мұқаш нан қоқымдарын алдына қойып еді, шоқып жей бастады. Сөйтіп біздің үйді бір торғай қыстай мекендеді. Көктем шықты. Мұқаштың торғайы даланы аңсап терезеден сыртқа көбірек қарауды шығарды. Апасы Мұқашқа:

- Торғайыңды қоя бер. Оның отаны анау кең дала, анау биік аспан. Өз Отанына қоя бер, - деді. Мұқаш біраз ойланды да торғайын қоя берді. Торғай алғаш терезе алдындағы жас талға қонды... Содан соң әрі қарай қанатын қағып ұшып кетті. «Торғайым, жолың болсын» - деді Мұқаш қуанып. Мүмкін екі-үш ай үйде бірге болған торғайын Мұқаш аяп тұрған да болар, кім білсін.

- Торғайың қыста, мүмкін, қайтып келер, - деп жұбатты Мұқашты үлкен апасы. Мұқаш апасының сөзіне шынымен-ақ сенгісі келеді. Өйткені, ол торғайын өте жақсы көріп кетіп еді. (232 cөз)

І. Тест сұрақтары

1. Мұқаштың қандай құстарға деген ықыласы ерекше болды?

A) лашындарға

B) қырандарға

C) бүркіттерге

D) көгершіндерге

E) қарғаларға

2. Мұқаш торғайды ұстаған бойы не істеді?

A) қойнына тықты

B) алақанына салды

C) басына қойды

D) қалтасына салды

E) арқалады

3. Мұқаш торғайды немен тамақтандырды?

A) сүтпен

B) сумен

C) нанмен

D) маймен

E) етпен

4. Мұқаш торғайға кандай тілек айтты?

A) Торғайым, ақ жол

B) Торғайым, таудай бол

C) Торғайым, өркенің өссін

D) Торғайым, жолың болсын

E) Торғайым, биікте самғай бер

5. Мұқаш кімнің сөзіне сенгісі келді?

A) апасының

B) атасының

C) әкесінің

D) ағасының

E) анасының



gvg1971 gvg1971    3   18.03.2021 09:19    49

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi