Өлең құрылысына талдау жасау. (буын, бунақ, ырғақ, тармақ, шумақ, ұйқас) Қобызшы – Молықбай шал Матайдағы,

Матайда – Кенже, Тұңғат Сақайдағы.

Қазақта қобызшының қалғаны сол,

Жорға еді маймаңдаған бақайшағы.

Жар қабақ, сида, арсақай, cap шұбар шал,

Жарықшақ, үні тозған, қансыған шал.

Іріңдеп екі көзі, қол дірілдеп,

Аузынан азу тісін аршыған шал.

Еңкейіп екіндідей күні кеткен,

Жұқарып, нашарланып күйі кеткен.

Қобызшы ол – «Ақ көбікті» аңыратқан,

Боздатып «Боз інгенді» күңіренткен.

Қобызшы ол – «Көк көбекті» күрілдеткен,

«Дүлдүлін Ер Əлінің» дүрілдеткен.

«Онсан мен Ормамбеттің айырылғанын»,

«Жыласқан ноғай-қазақ» күйін шерткен.

Қобызшы ол – «Қорамжанның» күйін тартқан,

Зарлы қыл қыр қиялын қиындатқан.

Қалыпты қолда қоңыр көне қобыз,

О баста сырмайлатқан, күміс шапқан.

Жайлауда ала қарлы, Амантекше,

Қарлатып, жаңбырлатып нөсер төксе,

Тоқсыртып кəрі аршаны, от маздатқан

Шал үйін сағынушы ек біз ерекше.

Құмар ек қобызшыны қолқалауға,

Жақсы едік жалынуға, аталауға.

Қобыздан құздың күйін, мұздың күйін,

Құмартып келуші едік біз тыңдауға.

Бұлттанса, құрыстанса мұз бенен күз,

Mac етіп, маужыратқан ішкен қымыз.

Тасқындап, көңілі өрбіп, күйі буып,

Дей-тұғын: «Кəне балам, əпер қобыз!..»

Бес бұрап, төрт түкіріп, толғап тоғыз,

Қозғалар «құлақ күйден» жосып қобыз.

Көтерген көк түндігін күй өрнегі

Құлатып асқарда ағын, мəңгіде мұз.

Ызғыған ызғырық күн, құлдырап қыл,

Алатау, əсем бұлақ сылдырап тұр.

Қиқылдап қырда қызғыш, көлде қаз-қу,

Қаңқылдап таңдай қаққан талда бұлбұл.

AngelinaMon AngelinaMon    1   29.12.2020 09:56    8

Ответы
112110 112110  28.01.2021 10:07

Бұл өлен шумақтарында:

Буын саны- 11

Бунақ саны- 3-4

Ырғақ- 3

Тармақ саны- 4еуден құралған, 10 шумақ болғандықтан барлығы- 40тармақ

Шумақ саны- 10

Ұйқасы- ақсақ ұйқас (а,а,б,а) немесе шұбыртпалы ұйқас.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi