Өлеңнің толық мәтіні (хрестоматия бойынша) Е.Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі
1-тапсырма.Талдаудың А-Атауы бөлімі бойынша талдау жаса:өлең
тақырыбын анықта, өлеңнің тура, ауыспалы мағынасын айт, көркемдегіш
құралдарды тап.
А-Атауы
Өлеңнің тақырыбына қара. /Тек қана өлеңнің атауын
қарап шығу тапсырылады./
1.Өлең не туралы деп
ойлайсыз?
/ Бұл қадам маңызды. 2.Өлеңнің тақырыбы туралы алғашқы
әсеріңіз бен оқып болғаннан кейінгі әсеріңіз қандай?
А – Атауы
3.Өлеңге анализ жасап болғаннан кейін, өлеңнің атауына қайта ораламыз.
Мыналарға қараңыз:Өлең тура мағына да ма, әлде ауыспалы мағынаға ие ме?
Өлеңдегі тура мағына мен астарлы мағынаның арасында айырмашылық бар
ма? 4.Өлеңде метафора қолданылған ба?Көркемдегіш құралдар қолданылған
ба? Көркемдегіш құралдардың шығарманың атына қатысы бар ма?
5.Шығарманың атауына қандай ұсыныс айтасыз?
Дескрипторы:
-талдаудың А-Атауы бөлімі бойынша талдау жасайды;
-өлең тақырыбын анықтайды, өлеңнің тура, ауыспалы мағынасын айтады;
-көркемдегіш құралдарды таба алады.
2-тапсырма.Өлеңнің тақырыбы бойынша жұмыс жаса, ашық сұрақтарға
жауап бер.
T – Тақырып
Анализ жасаудың соңғы қадамы. 1.Шығарманың
өзегі- өлеңнің тақырыбы. Тақырып негізі шындық,сұрақ
(мәселе), қақтығыс туралы болады. Бұл өлеңде не
қамтылған?
2.Тақырыпты анықтау үшін, мыналарды байланыстырыңыз:
-Тақырыбы (субьект)
-Автор кім? Оның көтерілген мәселе туралы ойы.
3.-Автордың көзқарасы қандай? Неліктен?
4.Өлеңді оқырманның түсінуіне көркемдегіш құралдар қалай әсер етеді?
5.Тақырып анықталғаннан кейін, шығарманы тағы басқа қандай детальдар
арқылы түсінеміз?
Дескрипторы:
- талдаудың Т-Тақырып бөлімі бойынша өлеңнің тақырыбы бойынша жұмыс
жасайды;

Astento Astento    2   06.04.2021 15:21    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi