Өлең кімдерге арналған(мақсатты аудиториясы)? Азат елдің ар-намысы – Ата Заң,
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған.
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр.
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін,
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол – халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.
Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол дағы Ата Заңға байланысты!
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына.
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!
Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісімшарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!
Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып,
қастерлеген Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!

angel20062006 angel20062006    2   23.12.2020 07:22    1

Ответы
tiatyx5 tiatyx5  22.01.2021 07:23

1. Бұл өлең қазақ халқының жастарына арналған. Қазақ елінің жастары Ата Заңын мақтан етіп, құрметтеп, қадірлесіндеген мақсатпен жазылған өлең.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi