Өлеңдегі айтылган ойлар мен мақал мәтелдерді сәйкестендіріңдер. өлең жолдарындагы көмекші есімдерді табыңдар.

aium08 aium08    3   05.07.2019 14:30    0

Ответы
gusakova2016poly gusakova2016poly  02.10.2020 20:44

Берілген өлең:

Ауыл басы ақсақал,

Теріс билік айтпаған.

Аға адамдар алдында, жастар ойнап, күлмеген.

Ата-анасын жылатып, ұлы тастап кетпеген.

Әке тұрып, ұл сөйле, қазақта әсте болмаған.

Мақал-мәтелдер:

Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.

Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келер. Ата тұрып ұл сөйлегеннен без. Ақылды қария-ағын дария.

Өлеңде айтылған ойлар мен мақал-мәтелдерді сәйкестендіру:

1.Ауыл басы ақсақал, теріс билік айтпаған. – "Ақылды қария – ағын дария".

2.Аға адамдар алдында жастар ойнап, күлмеген. – "Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар".

3. Ата-анасын жылатып, ұлы тастап кетпеген. – "Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер".

4. Әке тұрып, ұл сөйле, қазақта әсте болмаған. – "Ата тұрып ұл сөйлегеннен без".

Көмекші есімдер: басы, алдында.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi