Ә Өлеңде аталған тыйымдардың мағынасын түсіндіріңдер. Үлгі: «Жағыңды таянба» деп жатамыз. Неге? Жақты таяну, біріншіден, көрер көзге сүйкімсіз, өрескел көрінеді. Екіншіден, басы- на қайғы түскен, өмірдің соққысын көріп, басы ойға толып ауырлап, басын көтеруге шамасы келмей қалған адам ғана жағын таянады. Бұл тыйым «осындай халге жетпесін», «мұндай жағдайды басына бермесін» деген ізгі ниеттен туған.