Өлеңді түсініп оқып, төмендегі сұрақтарға жауап жаз. (Әр сұраққа бір-екі сөйлеммен жауап жаз!)
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы Бұл мақсаттан бұра алмас;
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр - бірі де
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.
1-ші сұрақ:
Осы өлең арқылы С.Торайғыров қандай мәселені көтеріп отыр?
2-ші сұрақ:
Өз еліңнің "КҮНІ" болып жарқырау үшін не істеу керек деп ойлайсың?