Ұлбике Жанкелдіқызы қазақтың ақын кызы, майтал- ман айтыскер, жезтаңдай әнші, домбырапшы. Тал бойынаалуан түрлі өнер дарыған ару Ұлбике – ойы ұшқыр, өлеңі сұлу, кісілік парасаты өрелі ақын. Бірде Майлықожа ақын Ұлбикеге әзілдеп: «Түсімде алтын зеренге қымыз құйып отыр екенсің», - депті. Сонда Ұлбике: Басыма салып жүрмін желегімді, Үш-төрт жыл біле алмадым дерегінді. Мүтәні теріс оқыған залім қожа, Тауып бер көнегім мен зеренімді, - деген екен. Ұлбике бұл сияқты ұтқыр уәждердің небір тамаша үлгі- лерін жүрген жерлерінде маржандай шашып отырған. Сол мол мұрадан бүгінгі ұрпаққа жеткені - мың шумақтай өлең.