- Әлібек, сенің электронды поштаң бар ма?
– Әрине, бар. Сенің ше?
— Менің электронды поштам жоқ. Маған пошта ашып берші. Оны қалай ашады?
— Оны ашу оңай. 10 — 15 минут уақыт кетеді.
Шын ба? Қалай ашуға болады?
- Бірінші пошталық серверді таңдаймыз. Екінші, «пошта ашу» жазуын тауып, тінтуірдің оң
жағын басамыз.
— Пошта жәшігі ашылды ма?
— Жоқ. Үшінші, ашылған терезеге аты-жөніңді, логиніңді жазамыз. Электронды поштаңа
Құпия сөз қоюың керек. Қандай сөзді таңдайсың?
— Ол не үшін керек?
– Сенің поштаңды басқа адамдар ашпау үшін құпия сөз қажет.
— Менің туған күнімді жазайық!
— Төртіншіден, соңғы терезеге сенің телефон нөміріңді жазамыз. «Тіркелу» деген сөзді
тінтуірмен басамыз. Болды, енді сенің жеке электронды поштаң бар. Өзіңнің жақын достарыңа
хабарлама жаза бер. Құттықтаймын!
— Рақмет, Әлібек! Сен нағыз досСЫҢ.​

Тимур00000000 Тимур00000000    2   11.03.2021 13:55    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi