Біздің жақта көктемде айнала ерекше күйге енеді. Таза ауа, жылы күн. Айнала көгал, көкмайса. Осындай тамаша табиғатқа айрықша сән беретін қызғалдақтарды айтсаңшы. Оны тек көзбен көру керек. Ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Біз бос уақытымызда қызғалдақ тере барғанда бір демалып қаламыз.