Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп сырғанайды. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды. Мен үшін биылғы қыстың ерекшелігі - ата - анам туған күніме шаңғы сыйлады. Көптен бері шаңғы тебуді үйренгім келіп армандап жүрген болатынмын, енді міне, осы демалыста әкеммен бірге бірінші рет шаңғыға тұрып үйрендім. Әрине, мен ойлағандай оңай болмады, әсіресе тепе - теңдікті ұстау қиынға соқты, бірнеше рет құлап та алдым. Дегенмен, өте қызықты болды. Енді әкеме ұқсап, шыңғыда нық тұрып, тебуді үйренсем, менен бақытты жан болмас. Ал сіз үшін биылғы қыс несімен ерекше?
Қыста шаңғы тепкенде.