Кыс мезгіліне сипаттама мәтіні​

leracert1 leracert1    2   20.12.2020 15:48    90

Ответы
alexa7021 alexa7021  20.12.2020 15:50

Астрономиялық ұғым бойынша, қыс — қысқы күн тоқырауы сәтінен көктемгі күн мен түннің теңесуіне дейінгі (Солтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 наурызға дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін) уақыт аралығы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінде қыс айлары деп шартты түрде желтоқсан, қаңтар, ақпан, ал Оңтүстік жарты шарда — маусым, шілде, тамыз айлары есептеледі. Қоңыржай ендіктерде (оның ішінде, Қазақстан жерінің басым көпшілігінде) қыс тұрақты қар жамылғысымен, өзендер мен көлдерде мұз қатуымен, өсімдіктің өсіп-өнуінің тоқтауымен, жануарлардың көптеген түрлерінің ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады. Қыстың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі географиялық ендіктерден жоғары ендіктерге қарай өсіп отырады. Тропиктік ендіктерде қыс мүлдем болмайды, субтропиктерде оның ұзақтығы 1—2 айдан аспайды, қоңыржай ендіктерде — 3—4 ай, полюстік ендіктерде 6—7 айға және одан да көбірек уақытқа созылады

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Pazitifon3000 Pazitifon3000  20.12.2020 15:50

Қыс – мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нәзіктігін-ай!

Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл – аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл – мезгілдің адамға әсері. 

Қыс – балалық шақтың естелігі. Қыс – аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл – бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Қыстың самалына тоңған сыңай танытып, құшағыңызға тығылған сүйіктіңізді көргенде әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күй болады. Көктем бүр жарған сезімдерді қайта оятушы болса, қыс сол нәзіктікті ұстайтын, берік ететін мезгіл.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi