Курмаштын олымыне кыналылер когам ба алде Коксерек пе? Эссе

ролл10 ролл10    2   26.02.2021 21:50    5

Ответы
shvbur75 shvbur75  28.03.2021 21:51

Объяснение:

Менің ойымша оған қоғам, адамдар кінәлі деп ойлаймын. Мында адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, Құрмаштың нағашысы қасқырдың көзін ашпаған бөлтірігін ауылға алып келіп, еркіндік өмірінен айырады. Басқа аңдармен салыстырғанда қасқыр тұтқындық өмірге үйрене алмайды, мысалы циркте неге қасқырды ұстап олар өнер көрсетпейді? Себебі ол қолға үйренбейтін болғандвқтан оны ұстамайды. Орыста да, қазақта да "Қасқырды қанша бақсаң да, орманға қарап ұлиды" деген бар ғой, бұл қасқырды қолға үйретуге келмейді дегенді білдіреді.

Сол сияқты Көксерек те адамдармен қарым қатынасы болғандықтан ба өз үйірінде де үйренісе алмай көбіне жалғыз өмір сүреді. Егер оны адамдар бақпағанда, өз үйірінде өскен болса мұмкін тағылық өмірінде басқаша өмір сүрер ма еді?

Ал енді Құрмаштың өліміне келсек, егер Құрмаштың орнында басқа адам болса аш жүрген, Көсерек оны түгел жеп қояр еді, баланың Құрмаш екенін таныған соң ғана сүйегін жемей тастап кетті, тек өзінің әдеті бойынша басын шұлғып қалғанда өткір тістері баланың көзін іліп кетеді. Ол бір жағынан аш болса, екіншіден жаралы болған соң Құрмаш таяқпен соққан соң қатты ызалы еді. Адамның қас жауы болса да, ол да өзін баққан, жақсы көрген адамға жамандық жасағысы келмеді, ол Құрмашты өлтіргісі келмеді Құрмаш қатты қорыққанынан өліп кетті.

Құрмаш өзінің хас жауын аяғаны үшін мерт болды Үлкендердің, ағасы Қасеннің , әжесінің айтқан ескертпелері оған әсер етпеді. Бұл әңгімеде өзіңнің жауыңа да аяушылық таныту керек дегенді білдіреді. Түз тағысын қолға үйренбейтінін дәлелдейді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi