КРАТКОЕ СОДЕРЖАНИЕ ТЕКСТА ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ 3-тапсырма. Д. Досжанның «Жібек жолы» романынан алынған үзіндіні
оқы. Мәтіннің мазмұнын баянда.
Ақиық ұстазы - Әбу Насыр Мұхаммед ұлы Мұрxаммед Тархан Фараби
туралы ойлады. Әбу Насырдың «Ізгі қала халқының көзқарастары туралы
кітап» деген ғажайып шығармасын еске алды. Ол шығарманы үш рет оқып
шыққан. Кітапта ұлы ғұлама қоғам туралы айтқан. Ұстазы қоғамды «толық
әм «толымсыз» деп екіге бөледі. Толық қоғамның өзі үш түрлі: үлкен, ор-
таша және кіші. Үлкен қоғам - бүкіл жержүзіндегі ақылды адамзат; орта-
ша қоғам белгілі бір ел, мемлекет; кіші қоғамға жеке-дара қала халқын
жатқызған. Енді осы қалалардың өзін «ізгі» және «надан» деп екіге бөледі:
«Адамдары бақытты болу үшін біріне бірі көмектесіп отыру мақсатымен бір-
лескен қала ізгі қала болады, халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп
отыратын қоғам да ізгі қоғам болады», дейді.
Надан қалаларды Әбу Насыр сегіз түрге бөледі. Бұл қалалардың халқы
бас пайдасын жұрт мүддесінен жоғары қояды, өзімшіл, менмен, мақтаншақ
келеді. Олардың ұғымынша, өмірдің ең асыл ләззаты байлықта, билікте
Ауызбірлігі мол, түсінігі терең, бір-біріне қол ұшын беріп отыратын қаласы
осы Отырар емес пе?
Әбу Насыр ізгі қаланы қатты аңсаған. Оның ойынша, ізгі қала тұрғын-
дарының дені бақытты, білімді, өнерлі, зергер, еңбексүйгіш, меймандос,
шыншыл болады. Өсек, өтірік, ұрлық, бұзақылық жойылған Жұрт та бір-бірі-
не үнемі ізгі ниетпен көмектеседі, қуанышын қоса көтереді. Ешбір қаламен
соғыспайды, бірақ өзгелер шабуыл жасай қалса, тойтарар қайраты мол Еш-
кімге есесін жібермейді. Ол қаланың әміршісі де ержүрек, білімді, қылышты
емес, кітапты сыйлайтын саналы жан болғаны ләзім
Д Досжсон
32-33​

krasnov595egr krasnov595egr    3   09.02.2021 13:03    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi