КРАТКИЙ ПЕРЕСКАЗ Қозы қарабайдың ауылына келіп малын бағады өзінін Баян сұлуға сездіру үшін бір күні Қодар жоқта киіз үйдің есігінің алдында отырып,
әдемі күй тартып, ән салады. Екеуінің жас күнінен атастырылған тарихын
Куанады. Оларға тоғыз қанат ақ отау тігіп береді. Бұл
унамайды, ол барлық елді өзіне бағындырып, Қозы Көрпешпен соғыспақшы
балады. Қозы Көрпеш онымен алысады. «Елдің шырқын бұзбайын»,
тез аттанып, Шоқтерекке қайтып барып жатады. Осы арада Қодардың
Қозы Қарабайдың ауылына келіп, малын басады. Өзінің кім екенін Баян
Екеуі құшақтасып, Баян өксігін басады, үй-іші: «Күйеу келді!» – деп
Қодараа
AgRSมัgs/.
den
Қолынан өледі
Қозыке нашарланып құлап қалды,
Ақырет жастығына кетті жүріп,
Қозыкені құшақтап Баян ширақ.
Жыламай, иман салып отырды ол,
Келгенше ел шақырып бәрін жинап,
Осылай Баян пақыр еңірер зар,
Ас-су ішпей, жеті күн жатып алды,
Еш нәрсеге бермейді мойыны жар.
Баян бір бекінеді ойға келіп,
Зиратын жасатпаққа көзбен көріп,
Баянның айтқанындай бейіт болды,
Өзіне әбден көрсетіп, көңілі толды.
«Қозы Көрпеш-Баян» деп ат жаздырды,
Кейінгілер көрмекке хат жаздырды.
Күн батып, зауал кезі болып жетті.
Бұйда пышақ қойнына тығып алып,
Бейітіне Қозы Көрпеш келді епті.
«Екі жақта қайран ел, аман бол!», — деп,
Құшақтап ғашығының мойынынан,
Пышақтап өз жүрегін тіліп сөкті («Бабалар сөзі» сериясынан алынды).

чепловец чепловец    1   11.02.2021 23:38    11

Ответы
Pygacev1959 Pygacev1959  13.03.2021 23:38

ЕКІ МЫҢ ЖЫЛ ЖҮРЕКТІ ТЕРБЕТКЕН ЖЫР

КІРІСПЕ

Қазақ халқы ғасырлар бойы айтып келген бұл жыр сахарадағы мал өсіруші тайпалардың шығарған бір жарқын сәулетті әңгімесі. Бұл туралы жазылған әдебиет әрбір тілде орасан көп, солардың ішінде орыс әдебиетшілерінің пікірі ерекше орын алады.

Бұл жазуларды зерттегенде, олардың аса көңіл қойып, қызыға қарағаны, әсіресе, Көрпеш пен Баян сұлудың тарихи заманнан келе жатқан ұлы мұнарасы, сәулетті етіп жасаған биік кешені. Ескі қазақтар ондай құрылысты «дың», «діңгек» деп атаған. Мұндай ескерткіштер Қазақстанның көп жерінде осы күнге дейін сақталып келеді. (Олар туралы кейінірек тоқталамыз).

Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі Аягөздің оң жағасында, Таңсық деген ауылға қарсы салынған. Қозы Көрпеш - Баян сұлу аңызы бойынша, Сарыбайдың інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан Аягөзге төрт сан қол (40 мың кісі) жіберіп, Қозы Көрпешке ас беріп, ат шаптырып, той жасайды, Қозы мен Баян сұлудың күмбезін берік етіп тұрғызып, олардың суретін тасқа түсіреді. Баян сұлудың өңін, келбетін әдемілеп келтіреді (Радловтың варианты).

Жанақ ақынның жырлауынша, елу мың кісіні бастап келген Айбас. Олар үш көш жерден (90 километр) тас тасып, Аягөздің биік белесінен күмбез жасайды. Ол күмбез әлі тозған жоқ, оларды ұмыттырмай, артында белгі болып келеді (Жанақ).

Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ,

Сурет болып бітіпті Аягөзге.

(Жанақ)

Халық аңызы бойынша, Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі қаланған тасты басқа бір таудан әкелген. Тау мен Аягөз өзенінің бойында көптеген тайпалардың мыңдаған кісілері атпен тізбектеле тұрып, бір қолдан бір қолға беріп жеткізіп тұрған.

В.В.Радлов Қозы Көрпеш - Баян сұлу мұнарасының қай заманда тұрғызылғанын жете танымаған. Оғыз-қыпшақ дәуірінде «дың» салу әдеті болғанын, ол сөз бүгінге дейін қазақ пенен түрік тілінде сақталып келгенін білмеген.

Қазақтармен қатар «дың», «деңглі», «деңглі тепе» түрікменнің көп жерінде кездеседі, әсіресе Ниса, Нишман қалаларының түбінде, Анау мешітінің қасында әдемі сақталған. Олар өзінің қалыбы бойынша не дөңгелек, не төрт бұрышты болып көрінеді; Қазақстандағы ең ескі дыңдармен салыстырғанда кейінірек жасалған оғыздар Сыр бойынан ауып, Амударияға барған кезден (XI ғ.) пайда болған. Олардың ескі түрі көбіне тастан (Нұратада), кейбіреулері балшықтан, пахсадан салынып, төбесі бұзыла бастаған. Сырдария бойында толып жатқан биік «дың қорғандар» сондай кұрылыстың қалдығы. В.В.Радловтың бұл айтылған дың құрылысынан хабары болмай, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» кешенін тұрғызған қалмақтар болу керек» деп жорамал жасаған. Сондай-ақ ол кешенмен бірге қатар жасалған бір топ мүсін тастар арасында мыңжылдық айырма бар деп қараған. Бүгінгі жаңа зерттеулер бұл тұжырымды теріске шығарады. Қасында мүсін тастар қойып тұрғызған дыңдар Ұлытауда, Кеңгір бойында осы күнге дейін сақталып келген. Оның үстіне В. Рубрук: «Куманы (Кипчаки) строят для богачей пирамиды (дың), т.е. остроконечные дома, хотя камней там и не находятся», - деген.

Объяснение:

наверное так ище

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi