Конспект на тему отыра- өркениет ардасы

BULATIKSPB BULATIKSPB    1   11.09.2019 07:40    0

Ответы
12Куки35 12Куки35  07.10.2020 07:08
Отырар мен Отырар алқабының тарихи-мәдени маңызын келесі себептермен көрсетеді. Біріншіден. Отырар алқабы мен жапсарлас аймақтар Қазақстанның ежелгі отырықшылықтың, суармалы егіншілік және қалалық өркениеттің орталығы болды. Бұл мәдениеттің бастауын іздеу, б.з.д. Бірінші мыңжылдықта өмір сүрген, Сырдария бойының кейінгі қола дәуірінің тайпалары мен отырықшы сақтарыдың ежелгі мәдениетіне әкелді. Сырдарияның төменгі ағысында, Жаңадария мен Іңкәрдария өзендерінің атырауларында сақтардың, б.з.д. 8-3 ғ.ғ. Жататын монументалды көпкамералы кесенелері табылып қазылды. Кесектен тұрғызылып, күмбезделген Түгіскен, Баланды – 2, Шірік-Рабат, Бәбіш-молда-2 сияқты ежелгі мавзолейлер Оңтүстік Қазақстанның көне тұрғындары кесек жасау техникасын біліп қана қойма, одан да күрделі шешімді құрлыстар салуға мүмкіндік беретін техникалық тәжирбесі болғанының куәсі бола алды. Бұл тәжірбие тұрғын және шаруашылық жайларды тұрғызу, мекендер мен қалаларды архитектуралық көркемеу нәтижесінде жинақталғаны даусыз. 
Екіншіден. Отырар Ұлы Жібек жолындағы, қытай, еуропалық, шығыс мәдениеттері мен өркениеттері; христиан, мұсылман, зароастризм діндері тоғысқан ірі орталық. Фараб аймағы адамзатқа әл-Фарабиды берді. Кей деректерде кітап қоймасы болған деп болжауға мүмкіндік берді. Отырар отарғасырлық Қазақстанның тек экономикалық және мәдени өмірінің орталығы ғана емес, ғылыми ойынның орталығы болды. Отырар мен Отырар алқабының мәдениеті Сырдария бойындағы аймақ өміріне әсерін тигізіп тұрды.

Үшінші себеп. Отырардың Орта Азияның жер өңдеуші алқабтары мен көшпелі мал шаруашылығындағы Дешті Қыпшақ арасында орналасқан географияллық жағдайында. Тайпалардың инфильтрациясы, араласуы және мәдениеттердің бір-біріне әсер етуі ежелгі дәуірлерден бастап, осы аймақта басқа жерлердегіден артықырақ жүрді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi