Конил куй одагайларына 5 сойлем жекиру одагайларына 5 сойлем шакыру одагайларына 5 сойлем керек .

olgadyra olgadyra    3   28.07.2019 04:40    3

Ответы
Анастасия10998 Анастасия10998  25.09.2020 16:38

1) Көңіл-күй одағайларына 5 мысал:

Әттең,қазір жанымда сен болғанда ғой.

Япырау,қайда сол күндер!

Пәлі,мына баланың сөзіне қара!

Сабақ бітті,алақай!

Қап,сол көлікке мінгізіп жіберуім керек еді.


2) Жекіру одағайларына 5 сөйлем:

Тәйт,осы айтқаныңда жетер!

Тек,сен әкең туралы олай айтпа!

Жә,өтіп кеткен нәрсені қазбаламаңдар!

Тәйт!Осы ісің үшін жазаланатыныңды білемісің?

Жә,одан да мына ойынымызды бітірейік!


3) Шақыру одағайларына 5 сөйлем:

Күшігім,күшігім,кә-кә!

Пырс!Кет дастарқанның маңынан!

Шөре-шөре,лағым!

Моһ-моһ,мына жаққа жүре ғой,сиырым!

Кә-кә,ұзама алысқа!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi