Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. Америка Құрама Штат Конгресінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде Америка Құрама Штат президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған. Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды.
Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын маңызды библиографиялық көрсеткіштері бар. Соның бірі - Америка Құрама Штатының кітапханасында сақталған жиынтық каталог.
Мұнда президенттердің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының әдебиеттері, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.
(125 сөз)
1. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз (3 cөз немесе сөз тіркесі). Определите ключевые слова в тексте (3 слова или фразы)
2. Әлемдегі ең ірі кітапхананы атаңыз. Назовите самую большую библиотеку в мире.
[1]
3. Кітапхана қай қалада орналасқан және қай жылы құрылды? В каком городе находится библиотека и в каком году она была основана?
[1]
4. Кітапханада қай елдің туындылары сақталған? Произведения какой страны хранятся в библиотеке?
[1]
5. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз. Определите основную тему текста.
Сегодня СОЧ по предмету қазақ тілі