Компьютер – заманауи құрал» тақырыбында шағын эссе жаз

azamatmarahimov azamatmarahimov    3   19.03.2021 11:42    2

Ответы
Fazzika Fazzika  19.03.2021 11:50

(сыртқы немесе қосалқы жады, ақпараттарды сақтауға арналған құрал, сақтағыш құрал) — белгілі бір уақытта есептеуде қолданылатын, ақпарат сақтауға арналған физикалық құрылғы немесе орта болатын, есептегіш машина бөлігі. Жады 1940-ыншы жылдардан бері орталық процессор секілді, компьютердің маңызды бөліктеріне жатады. Есептеуіш құралдардағы жады иерархиялық құрылымды болады және ол әртүрлі қасиеттері бар бірнеше сақтағыштарды (жаттағыш) қолдануды білдіреді. Көбінесе персоналды (жеке) компьютерлерде «жады» деп оның бір бөлігі — кездейсоқ рұқсатты (DRAM) динамикалық жадыны — қазіргі уақытта жеке компьютерлер жедел жады ретінде қолданылатын жадыны айтады.

Компьютерлік жадының мақсаты ол сырттық өзгерістерді өзінің ұяшықтарында сақтау, яғни ақпаратты жазу. Бұл ұяшықтар әртүрлі физикалық өзгерістерді бақылай алады. Функциясына байланысты жады қарапайым электромеханикалық қосқыш секілді және онда ақпараттар толық ажырата алатындай 0 және 1 («сөндірілген»/«қосылған») жағдайларында сақаталады. Арнайы механизмдер ұяшықтардағы жағдайларды өзгертуге, кездейсоқ немесе тізбекті оқуға) рұқсат береді. Жады рұқсат процессі көптеген уақыттық процестерге бөлінген —жазба (жазу) операциясына (сленг. ТЖҚ-ыны (Тұрақты жаттағыш құрылғы немесе «ROM») жазу жағдайындағы микробағдарлама ) ) және оқу операциясына. Көп жағдайда бұл операциялар жад контроллері арқылы басқарылады.Тағы да, ұяшықтарға бірдей мән беру арқылы (көбінесе 0016 немесе FF16) жадыны өшіру операциясын ажырата алады. Жеке компьютерлердегі белгілі сақтағыш құралдардың бірі: шұғыл жады модульдері, қатқыл дисктер(винчестерлер), дискеттер(иілгіш магнитті дикстер), CD және DVD дисктері және флеш-карталар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi