Комектесындерш 7 сынып Ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз
бе?
Ғаламтордың пайдасы қандай? Орнымен пайдалана білсең, ғаламторда пайдалы дүниелер аз емес, Ғаламтордан электронды кітаптарды (түрлі гаджеттер) арқылы оқи аласыз. Электронды кітап кағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл,
көлемі де шағын. Сонымен қатар, ғаламторды тиімді пайдаланып, ақша табуға да мүмкіндік бар. Мәселен, казір инстаграм әлеуметтік желісі аркылы жарнама жасайтын блогерлер көбейді. Ол үшін сіздің жеке парақшаңызда 10 мыңнан астам және одан да көп жазылушы болуы тиіс. Сондай-ак, ғаламторда түрлі онлайн курстарға жазылуға мүмкіндік бар. Мәселен, тіл үйренуге, ас мәзірін жасауға, іскерлік қабілетті шыңдауға арналған курстар.
Әлемдік желінің пайдалы тұстары
өте көп. Алайда, оның зияны да аз емес. Ғалымдар казіргі танда адамдар арасында ғаламторға тәуелділік синдромы пайда болғанын айтып дабыл қағып отыр, Ғаламтор қолданушылардың біркатары оны тағам мен су іспетті өмірлік маңызы бар дүние деп есептейді. Компьютердің алдында үзақ уақыт отырудың салдарынан көздің көру қабілеті нашарлайды. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың әсерінен тірек-қимыл жүйесіне де зиян келеді. Сонымен қатар, медицина мамандары компьютерді ұзақ уақыт пайдалану бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы секілді дерттің пайда болуына әкеліп соғатынын айтады.
Ақпараттық технология ғасырында
ғаламторсыз өмірімізді елесету қиын. Десек те, интернетке, компьютерге тәуелділік синдромына шалдықпау үшін оны шектеп пайдалануды әдетке айналдырыңыз. Тек кажеттілік туғанда ғана ғаламдық желіге жүгініңіз. Одан тыс уақытыңызды спортқа, өзіңізді дамытатын істерге жұмсауға дағдыланған жөн. 2-тапсырма Мәтіннен 3 есімшесі бар сөйлемді, 3 көсемшесі бар, 3 тұйық етістік, 3 шак, 4 рай түрлеріне сөйлемді тауып жазыңыз.