КОМЕК КЕРЕК БУЛ СОР 1-тапсырма. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Мамандықтың түрі көп. Менің достарым ғарышкер, ұшқыш болуды армандайды. Бірақ әр адам өзіне ұнайтын мамандықты таңдауы керек. Мен құрылысшы болуды қалаймын. Құрылысшы – бірнеше мамандықтың иесі. Өйткені жалғыз адам үлкен үй сала алмайды. Дайын үй жасау бірнеше кезеңдерден тұрады. Алдымен сәулетшілер жаңа ғимараттың сызбасын жасайды. Содан соң бұл сызба бойынша тас қалаушылар ғимараттың қабырғасын тұрғызады, шатырын жабады. Бұдан кейін ағаш шеберлері терезелерін орнатады. Сылақшылар қабырғалар мен еденді бояйды. Олар кез келген ауа райында жұмыс жасайды. Сондықтан олардың денсаулығы мықты, олар кез келген қиындыққа шыдамды болады.