Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дəлелдер бар. Қазақстанда ауаның
орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005 жылдар арасында əрбір 10 жыл
сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік
бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Үкіметаралық сарапшылар
тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы
қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа
жоғарылауы мүмкін.
Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға əкеп соғатын күрт
континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзін де
еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тəуекеліне ұшырап отыр.
Алапатыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400
шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына
əкеліп соғады жəне ауылшаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда
климаттық тəуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша
табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның
жаһандық жоғарылауы нақты дəйек болып табылады. Қазақстанда температураның
жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір
тəуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды
табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
Инна Колтаев пять вопросов и пять ответов

Nikita45Russia Nikita45Russia    1   29.10.2020 14:31    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi