Киіз үйге кірген кезде ең бірінші қонақтардың көздері шаңыраққа
түсетіндіктен, біздің ата-бабаларымыз
шаңыраққа әр түрлі жіптерден
жасалған шашақтар іліп қояды. Не
үшін? Иә,көз тимеу үшін. Жалпы
киіз үй оң жақ және сол жақ деп
екіге бөлінеді. Яғни ерлер және
әйелдер жағы болып. Ерлер жақта
ер адамға тән нәрселер ілініп тұрады.
Олар: шоқпар, қамшы, садақ, т.б.
қару-жарақтар. Ал әйелдер жағында
тек әйелге тән нәрселер тұрады.
Олар: ыдыс-аяқ, төсек орын, бесік
тағы басқалар. Төр қазақ халқы үшін
өте қасиетті болып саналады. Төрде
міндетті түрде аң терілері және
қасиетті домбыра ілулі тұрады. Барлық
киіз үй әдемі ою-өрнектермен
әшекейленген түскиіздермен,
алашалармен, сырмақтармен
безендіріледі.
Осы мәтінді сөйлем мүшесіне талдау керек