Киім кию мәдениеті адамның сыртқы бейнесі оның ішкі дүниесінен хабар береді . Өзін ортасына сай , мәдениетті , сыпайы ұстаған , айналасына сыйласымды қарым - қатынаста болған адамның ішкі дүниесі де әдемі болады . Ішкі мәдениет адамның қоғамда өзін ұстауы мен киім киісі арқылы да көрінеді . Адам өзінің сыртқы бейнесімен де халыққа өнеге көрсету керек . Қонымды киім кию әдебі адамдардың ақыл - ойы , эстетикалық талғамы мен еңбегінің жемісі . Адам ортасына қарай киім таңдайды . Тойға киетін киімді жұмысқа киіп бармайды . « Киіміне қарап қарсы алады , ақылына қарап шығарып салады » деген нақыл бар . Адам туралы алғашқы пікір оның сыртқы бейнесіне байланысты туатыны рас . Бірақ « қымбат киім киген адам ғана жақсы болып көрінеді » деген ой тумауы керек . Бұл жерде бойға қонымды , үйлесімді , жинақы киім туралы айтылып тұр . Киім адамның болмысын , ерекшелігін көрсетеді . Киім кейде адамның мәртебесін көтереді , кейде адамды адепсіз етіп көрсетеді , кейде талғамсыз етіп көрсетеді . Жарасымды , қонымды киім киген адам қашан да өз - өзіне сенімді болып көрінеді . Киім адамды суықтан , ыстықтан , жауын - шашыннан қорғайды . Киіміне қарап адамның жасын , жынысын , қайда жұмыс істейтінін білуге болады . Тігіншілер мен дизайнерлер жылда мыңдаған киім үлгісін ойлап шығарады . Соның арқасында әр адам өзінің даралығын сақтайды , басқа адамдармен біркелкі болмауына мүмкіндік туады . Киімнің түрі көп болса , әр адамның өзіне тән стиль таңдауына мүмкіндік туады . Стиль әр адамның Мінезі мен қызығушылығына байланысты болады
Выпиши 5 ключевых слов из текста

1luvash 1luvash    1   22.12.2020 15:18    30

Ответы
TimurZel TimurZel  21.01.2021 15:18

Негізі адамды бірінші көргенде киіміне қарап бағалайтынымыз шындық. Одан кейін барып сөйлеу манеріне, мінезіне мəн береміз. Тиянақты киінген адам кімге ұнамайды дейсіз? Ал қымбат, арзан киінуіне келер болсақ: киімнің бағасы маңызды емес. Оны киген адамға байланысты. Арзан киінген адамның жан дүниесі қымбат болуы мүмкін. Немесе керісінше. Сондықтан киімге қарап бағалау қателік. Істемейтін сағат күніне екі рет дұрыс уақыт көрсететіні сияқты, кейбір адамдардың киімі жан дүниесі секілді қымбат болуы мүмкін. Немесе керісінше

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi