Кез келген тарихи тұлға туралы эссе. эссе 180 сөз көлемізде.оның ішінде көнерген сөз , эвфемизм, дисфемизм,табу сөздері болуы керек.өтінем көмектесіңіздерші

dianahohlova dianahohlova    1   04.10.2019 06:40    93

Ответы
arianadorofeva arianadorofeva  09.10.2020 19:02

Мен үшін ең рухты тұлға.

Қазақтың байтақ даласын,қонақжай халқын жаудан сұсты айбалта, орақ тілмен қорғаған батырлар аз болмаған.Сондай батырлардың бірі,әйгілі ақын,жалынды жыршы,күйші – Махамбет Өтемісұлы.Ол 1824 – 28 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында кеңесші болса,1829 жылы Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға екі жылдай тұтқында болады.Ал 1831 жылы абақтыдан ұрыша қашқанымен,артынан ақталып шығады.1836 - 1838 жылдардағы И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі болады.Көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады.1838 жылы он екінші шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта екі жылдай жасақ жинауға әрекет жасады.Бірақ онысы жүзеге аспай,хан адамдарынан қашып жүруге тура келеді.Махамбет 1845 жылы тұтқиылдан жау қолынан қайтыс болды. Ол сөзімен жауға түскен жай болды. Ал іс-әрекетімен талайды ит-құсқа жем қылатындай ерлік көрсетті.

Махамбет сөздері – халық үшін өз жанын пида еткен ердің сөзі. Ақын асқақ арманшыл өлеңдерінде халқын әділетсіз хан-сұлтандарыға қарсы ерлікке шақырады. Махамбетті халықтың қадірлейтіні де, айрықша сүйіп оқитыны да сол себепті.

Махамбет Өтемісұлы жырлары – шаруалар көтерілісінің айнасы. Ол өз шығармаларында әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білді. Ақын Жәңгір ханға айтқан өлеңінде:

Хан емессің, қасқырсың,

Қас албасты басқырсың...– деп ханның залымдығын бетіне басады.

Махамбет ел үшін еңіреген ердің аңсаған, соған бар ақындық жүрегін арнаған. Ол: "Асыл ердің баласы жауды көрсе шыдамай көзін салар қияға" деп бүкіл поэзиясына ерлікті ту етеді.

Махамбет өлеңдерінде ғибратқа толы афоризм болып кеткен өнегелі жолдар да аз емес. Ол өзінің сондай терең ойлы сөздерімен кейінгі ұрпағына да тіл қатқандай, ақыл, өсиет айтып кеткендей. Махамбеттің ерлік өміріне бір ызалықпен қарап, жанқиярлыққа үндейтін поэзиясын сүйсініп оқымайтын қазақ жоқ шығар

Махамбет Өтемісұлы өз шығармалары арқылы жасақтағы сарбаздардың рухын көтеріп, намысын қайрады. Ол "өзім" деп емес, "Елім!" деп күресті.

Көнерген сөз: айбалта, хан, жасақ.

Эвфемизм: қайтыс болды.

Дисфемизм: ұрыша.

Табу: жай, ит-құс.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi