Кеудесі құр кеуек, түк қалмаған сияқты, иесіз қалған аңсал-саңғал үйдей құлазыды, жүрек жоқ, жан жоқ. Денесі кесіп тастай салған томар сияқты, тіпті еш жері – сынған қабырғалары да, күп болып іскен мұрны, жұдырық тие-тие шодырайып кеткен шекесі, басуға жарамай қалған аяғы да ауырмайды. Шыбын жаны əлдеқашан торғайға айналып, əлдеқайда ұшып кеткен тəрізді». Үзіндінің көркемдік тілін талдаңыз. Шығарма идеясымен байланыстырыңыз. ​

damirnikiforov damirnikiforov    3   21.12.2020 05:36    19

Ответы
sgagasik sgagasik  20.01.2021 05:37

Берілген шығарманың бұл үзіндісі - түк қалмаған сияқты, аңғал-саңғал үйдей деген теңеулер;  сынған қабырға, басуға жарамай қалған аяғы деген эпитеттер мен шыбын жаны деген метафораны қолдану арқылы жазылған адамның сол сәттегі бейнесі, яғни портреті. Және де үзіндіден" шыбын жаны әлдеқашан торғайға айналып, əлдеқайда ұшып кеткен тəрізді "деген жерінен әсірелеу арқылы айтылғанын көруге болады. Бұл эпизод  Аяғанның ең соңғы ақтық демі шығар сәттегі кезі еді. Эпитет, метафора, теңеу, әсірелеуді қолдану арқылы шығарма ерекше көркемделе түсті деп ойлаймын.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi