Кестеде корсетилген мамандыктар бойынша диалог кура. мугалим, даригер,дикан,сылакшы

sholdakirnichnp0175q sholdakirnichnp0175q    3   08.09.2019 18:30    125

Ответы
BaSfOr BaSfOr  07.10.2020 01:25

Азамат: – Шіркін,уақыт қалай зымырайды...10-сыныпты да аяқтадық.

Дана: – Соны айтсаңшы.Келесі жылы біз мектебіміздің бітіруші түлектері боламыз ғой.

Әли: – Енді болашағымыз туралы ойлануымыз керек.Мамандық таңдау әлдеқайда қиын нәрсе екен...

Дана: – Мен кішкентайымнан мұғалім болам дедім ғой.Сол арманымды мақсатыма айналдырамын.Ата-анам менің таңдауымды қолдады.

Азамат: – Ия,мұғалімдік – өлмейтін мамандық қой.Әли,сен ше?Қандай маман иесі болғың келеді?

Әли: – Мен сылақшы болғым келеді.Қазірдің өзінде неше түрлі ғимараттар бой көтеруде.Өз ісімнің шебері атанып,зәулім үйлерге сән бергім келеді.Ал ата-анам,туысқандарым менің диқан болғанымды қалайды... Білесіңдер ғой.Біздің отбасымыз диқаншылықпен ауылымызға белгілі.Отбасылық кәсіп болған соң,менің де диқан болғанымды жөн көреді.

Дана:– Әли,сен уайымдама.Өз жүрегің қалаған бағытпен жүр.Диқаншылық ұнамаса,оны жаның қаламаса,сен келешекте жұмыс жасай алмайсың.

Азамат: – Ия,Әли.Дананың сөзінің жаны бар.Өз арманыңнан бас тартпа,досым.

Әли: – Ата-анаммен сөйлесіп,барынша сылақшы болуға көндіруге тырысамын.Азамат сен дәрігер болғың келе ме?

Азамат: – Қайдан білдің?Мен осы уақытқа дейін бір мамандықта тұрақтамап едім ғой.

Әли: – Биология сабағында белсенді бола бастадың.Дананың басы ауырғанда,мен аяғымды жарақаттап алғанда сен көмектескенсің.Содан білдім.

Дана: – Жарайды,жігіттер.Осы бетімізден таймай,өзіміз армандаған мамандық иесі атанайық!

Азамат: – Ия,дұрыс айтасың.

Әли: – Ендеше саябаққа кеттік!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi