Әкесінің әлденені есептеп, жазып отырғанын көрген Асан есімді бала өз бөлмесіне жүгіріп кеп, ойына алған нәрсені орындауға кіріседі. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегі үшін ақша сұрамақшы болады. Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен бір қағаз тауып алады. Ондағы жазу мынау екен:
«Анасының ұлы Асанға қарызы:
-дүкеннен сөмке тасығаны үшін – 50 теңге;
-хаттарды поштаға салғаны үшін – 30 теңге;
-жақсы бала болғаны үшін – 150 теңге;
-гүлдерге су құйғаны үшін – 50 теңге;
-Барлығы – 280 теңге»
Асанның бұл әрекетін қалай бағалар едіңдер?

Yerkosyaorynbekova Yerkosyaorynbekova    3   02.12.2020 10:55    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi